«МЕМҚАЛАҚҰРЫЛЫСКАДАСТРЫ» РМК-НЫҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ
Ринат Алтымбекұлы Отынчинов
Филиалдың директоры
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның Шығыс Қазақстандағы филиалы «Мемқалақұрылыскадастры» РМК Бас директорының 2020 жылғы 10 наурыздағы №24-ө бұйрығының негізінде құрылды.
Филиал қызметінің мақсаты «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның оқшауланған құрылымдық бөлімшесі ретінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның мүдделерін білдіру және қорғауды жүзеге асыру болып табылады.
Филиал «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы №114 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мынадай қызметтерді көрсетеді/жұмыстарды орындайды:
мемлекеттік қала құрылысы кадастрын ақпаратпен толықтыру;
мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан мәліметтер беру (кадастрлық анықтамаларды және кадастрлық жоспарларды);
1:500 масштабтағы кадастрлық жоспарды жасай отырып, инженерлік коммуникацияларды түгендеу.
Заңды мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Антон Чехов көшесі, 33-үй
Орналасқан мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Антон Чехов көшесі, 33-үй
Байланыс телефондары: +7 (747) 244-39-04
e-mail: vko@nationalplan.kz