«МЕМҚАЛАҚҰРЫЛЫСКАДАСТРЫ» РМК-НЫҢ ПАВЛОДАР ФИЛИАЛЫ

Смайылова Лейла Қайыркенқызы

Филиалдың директоры

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның Павлодар филиалы «Мемқалақұрылыскадастры» РМК бас директорының 2016 жылғы 01 сәуірдегі №29-ө шешімі негізінде құрылған.

Филиалдың мақсаты – «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-нің жеке құрылымдық бөлімшесі ретінде Павлодар облысының аумағында «Мемқалақұрылыскадастры» РМК мүдделерін қорғау және ұсыну.

Филиал Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы №114 «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласындағы қызметтерді / жұмыстарды ұсынады:

  • мемлекеттік қала құрылысы кадастрын ақпаратпен толтыру;
  • мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан ақпарат беру (кадастрлық ақпарат және кадастрлық жоспар);
  • 1:500 масштабтағы кадастрлық жоспарды жасай отырып, инженерлік коммуникацияларды түгендеу.

Мекен-жайы: Павлодар қ., Кривенко қ., 25 ү., 625 кеңсе

Байланыс телефоны: +7 (7182) 20-70-08