Дуальды білім беру ұйымы аясында Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ студенттері «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-да тәжірибеден өтті

Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ студенттері «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-да өндірістік тәжірибеден сәтті өтті. Бұл студенттерге геодезия, кадастр және аумақты жоспарлау бойынша практикалық дағдыларды игерудің бірегей мүмкіндігін ұсынды.

 

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК Бас директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰИА академигі Т.Т. Мусабаевтың бастамасымен 2018 жылдан бастап жаңа пилоттық мамандандыру, ал 2023 жылдан бастап «6В07314 – Қала құрылысын жоспарлау және кадастр (инновациялық)» жеке жаңа мамандығы және «Мемқалақұрылыскадастры» РМК базасында оқыту енгізілді. Бұл мамандық білім беруді, ғылым мен өндірісті интеграциялауды және «Мемқалақұрылыскадастры» РМК көмегімен Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ-да қала құрылысын жоспарлау мен кадастрдың жоғары білікті мамандарын даярлауды қамтамасыз ету үшін енгізілген.

 

Студенттер кеңістіктік деректерді цифрландырудан бастап, аумақты қала құрылысын жоспарлау үшін кадастрлық ақпаратты талдауға дейінгі кәсіпорын жұмысының әртүрлі аспектілеріне қатыстырылды. Білімді өмірде қолдану мүмкіндігімен тәжірибені басқаруды кәсіпорынның белді мамандары жүзеге асырды.


 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған