«Мемқалақұрылыскадастры» РМК өкілдері Халықаралық конференцияға қатысты

2023 жылғы 18-19 мамырда Минск қаласында «Мемқалақұрылыскадастры» РМК өкілдері Беларусь Республикасының Ұлттық кадастрлық агенттігінің 25-жылдығына арналған «Жылжымайтын мүлік. Кадастр. Талдау: 25 жыл» халықаралық конференциясына қатысты.

Іс-шараға жетекші халықаралық және отандық компаниялардың, Ресей Федерациясының, Қазақстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының және Корея Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Конференцияда жылжымайтын мүлікті, оған құқықтар мен олармен жүргізілетін мәмілелерді мемлекеттік тіркеудің өзекті мәселелері; мемлекеттік жер кадастрының геодеректері; жер мен жылжымайтын мүлікті бағалау талқыланды.  

Өз баяндамаларында спикерлер қатысушылармен жылжымайтын мүлікті тіркеу жүйесінің, кеңістіктік деректер инфрақұрылымының, ағымдағы жай-күйі мен даму бағыттарымен және интеграцияланған геокеңістіктік платформаны пайдалану мысалдарымен, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және бағалау саласындағы ақпараттық ресурстар мен талдаумен, кадастрлық бағалауды жүргізудің мемлекеттік мониторингімен және ұлттық кеңістіктік деректер жүйесінде мемлекеттік бағалау тетіктерін іске асырумен бөлісті.     

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК Бас директоры Турлыбек Мусабаев конференция қатысушыларына Кәсіпорынның қызметі мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын таныстырды.

Іс-шара қатысушылар арасында халықаралық тәжірибе алуға, ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасуға ықпал етті.

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған