2018 жылдан бастап Павлодар облысының ауданы 21,1 мың га құрылыс салынған аумағында инженерлік коммуникацияларды түгендеу жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі күні 9,3 мың га алаңда Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Көктөбе, Аққулы, Шарбақты, Железинка, Ақтоғай, Ертіс елді мекендерінің инфрақұрылымдық объектілері түгенделіп, қала құрылысы кадастры қорына енгізілді.
Ағымдағы жылы Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында, Көктөбе, Аққулы, Шарбақты, Желзинка ауылдарында жалпы 4,7 мың га алаңда инженерлік коммуникацияларды түгендеу жалғасуда.