Ағымдағы жылы Қарағанды қаласының құрылыс салынған аумағында қаланың оңтүстік-шығыс, Күнгей, Михайловка және орталық бөлігі аудандарында алаңы 1,8 мың га жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жүргізілуде.
Барлығы 2021 жылдан бастап 5,5 мың га алаңда Сұрыптау, Узенка, Үлкен Михайловка, Пришахтинск, Майқұдық аудандарының инфрақұрылымдық объектілері цифрландырылды және қала құрылысы кадастры базасына енгізілді.