Қала құрылысы кадастрын цифрландыру

Құрылыс саласын цифрландыруды енгізу шеңберінде инфрақұрылымдық объектілерді есепке алу және елді мекен құрылысын мониторингтеу құралы – мемлекеттік қала құрылысы кадастрының цифрлық деректер қорын қалыптастыру жүргізіліп жатыр.

Өңірлерде жерасты және жерүсті инженерлік коммуникацияларын түгендеу арқылы елді мекендердің цифрлық кадастрлық жоспарларын құру жүзеге асырылады.

Ағымдағы кезеңде еліміздің ірі елді мекендерінің (республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, облыстық және аудандық орталықтар) 63%-ы (323,2 мың га) цифрлық кадастрлық жоспарлармен қамтамасыз етілген.

Ірі елді мекендерді (аудан орталықтары деңгейіне дейін) толық цифрлау «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде 2024 жылға дейін жоспарланып отыр.

2021 жылы өңірлердің құрылыс салынған аумағының 25 мың га цифрланды, ағымдағы жылы Ақтөбе, Қарағанды, Өскемен, Қостанай облысының Лисаков және Түркістан облысының Арыс қалаларында 9,3 мың га алаңда инженерлік желілерге түгендеу жүргізу жоспарланады.

Қала құрылысы кадастрының базасына әкімдіктер берген 805 бас жоспар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары цифрландырылып, енгізілді. Ағымдағы жылы қалақұрылысы жобалары мен құрылыс жобаларының цифрлық деректеріне қойылатын бірыңғай талаптарды қалыптастыру жоспарланады.

Қала құрылысы кадастры жүйесінің Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрымен және әкімдіктердің геопорталымен интеграциялық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қабылданған іс-шараларды ескере отырып, қала құрылысы кадастры қала құрылысы регламенттері мен инфрақұрылымының салалық есепке алу жүйесі ретінде құрылыс объектілерінің жоспарлау және рұқсат беру құжаттамасын алу сәтінен бастап пайдалануға беруге дейінгі өмірлік циклын қадағалауға мүмкіндік береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған