Құрылысшы күні қарсаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Соңғы жылдары еліміздің құрылыс саласында тұрақты өсім бар. Жаңа аумақтық құрылымдар пайда болып, халықты баспанамен қамтамасыз ету және елдің барлық өңірінде жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып жатқаны атап өтілді. Бүгін таңде Қазақстанның құрылыс саласында 600 мыңнан астам адам еңбек етеді. Олар өз жұмыстарымен елдің экономикалық әл-ауқатының артуына елеулі түрде үлес қосуда. Қайырбек Өскенбаев өз ісінің нағыз майталман мамандарына қажырлы қызметтері үшін алғыс айтып, еңбекте ерекше көзге түскен қызметкерлерге «Құрметті құрылысшы», » Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» құрмет белгілерімен грамоталарын табыс етті.
Дереккөз: ҚР ИИДМ сайты