«МЕМҚАЛАҚҰРЫЛЫСКАДАСТРЫ» РМК-НЫҢ ҰЛЫТАУ ФИЛИАЛЫ

                         Никитин Давид Рафикович

Филиалдың директоры м.а.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның Ұлытау филиалы «Мемқалақұрылыскадастры» РМК Бас директорының 2023 жылғы 07 ақпандағы №13-ө бұйрығы негізінде құрылды.

Филиалдың мақсаты – «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның жеке құрылымдық бөлімшесі ретінде Ұлытау облысының аумағында «Мемқалақұрылыскадастры» РМК мүдделерін қорғау және ұсыну. 

Филиал Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы №114 «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласындағы қызметтерді / жұмыстарды ұсынады: 

  • мемлекеттік қала құрылысы кадастрын ақпаратпен толтыру;
  • мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан ақпарат беру (кадастрлық ақпарат және кадастрлық жоспар);
  • 1:500 масштабтағы кадастрлық жоспарды жасай отырып, инженерлік коммуникацияларды түгендеу.

Мекен-жайы: Жезқазған қ., Алаш алаңы1 ғим., 101 кеңсе

Байланыс телефоны: 

e-mail: f.ulytau@nationalplan.kz