Біріккен Ұлттар Ұйымының күні

24 қазан – Біріккен Ұлттар Ұйымының күні. Бұл күн әлемде 1948 жылдан бастап аталып келеді. БҰҰ күні 1945 жылы БҰҰ Жарғысы күшіне енген күннен бастап аталып өтіледі. Қазақстан БҰҰ мүшелігіне 1992 жылғы 2 наурызда қабылданды. Сол күннен бастап біздің еліміз Ұйымның халықаралық құқық негізінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ халықаралық...

ҚР ИИДМ: энергия үнемдеу үрдістері, қорытындылар, жобалар

Халықаралық энергетика агенттігінің хабарлауынша, COVID-19 пандемиясының салдарынан энергияға деген сұраныс Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері ең жоғары болды. Төтенше жағдай туралы хабарландыру және енгізілген оқшаулау тәртібі қазіргі қоғамның энергия ресурстарына қаншалықты сенетінін көрсетті. Осылайша, энергия сыйымдылығын қысқарту, энергия тиімділігін арттыру және энергия үнемдеу адам өмірінің барлық салаларын жаңғыртуды қамтитын әлемдік...

«ТМД елдерінің шекара маңы аумақтарын дамыту тетіктерін қалыптастыру» конференциясы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ұйымдастыруымен Достастық елдерінде жарияланған Сәулет және қала құрылысы жылы аясында 2021 жылғы 21 қыркүйекте «ТМД елдерінің шекара маңы аумақтарын дамыту тетіктерін қалыптастыру» тақырыбында онлайн форматта конференция өтті. Конференцияның негізгі мақсаты – Достастық елдерінің шекара маңы өңірлерін...

E-Шаңырақ ақпараттық жүйесі тәжірибелік пайдалануға берілді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ алаңында тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинау және сақтау жүйесін тәжірибелік пайдалануға берді. E-шаңырақ деп аталатын платформа - саланың бытыраңқы ақпараттық жүйелерін біріктіретін және мемлекеттік органдар үшін талдамалық ахуалдық...

ҚР ИИДМ: өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласында тұрақты өсім бар

Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі өткен жылдың деңгейіне қарағанда 105,8% құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша баяндады. Өңдеуші өнеркәсіптің барлық секторында оң үрдіс сақталуда. Машина жасау саласы: өткен жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда өндіріс көлемі 123,9%-ға артты. Автокөлік құралдарының, трейлерлер...