Құрылыс саласын цифрландыру және мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесін толтыру жөніндегі Үкімет тапсырмасын іске асыру шеңберінде 2025 жылғы 30 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы В.Г.Лукиннің төрағалығымен ҚТҮКШІК, «Мемқалақұрылысқадастры» РМК, облыстық және аудандық сәулет органдары, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Кеңесте мемлекеттік қызметтерді...
«KAZGORDAY 2025» атты V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
2025 жылғы 22-23 мамыр күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасында жобалау ісінің бастау алғанына 95 жыл толуына арналған «KAZGORDAY 2025» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды. Іс-шара аясында «Мемқалақұрылыскадастры» РМК бас директоры Мусабаев Т.Т. баяндама жасап, қала құрылысы саласындағы басқару мен жоспарлау үдерістерін жетілдіруге бағытталған инновациялық технологияларды енгізу туралы айтып өтті. Конференция алаңында сәулет...
Наурыз мейрамын тойлау
«Мемқалақұрылыскадастры» РМК ұжымы Ұлттық киім күні мен Наурыз мейрамын ерекше көңіл-күймен атап өтті! Ұжым мүшелері ұлттық киімдердің әсемдігі мен алуан түрлілігін көрсетіп, халқымыздың бай дәстүрі мен мәдениетінің әдемі атмосферасына еніп, бір-бірімен қуаныш пен жылылық бөлісті. Наурыз – жаңа жылдың бастамасы ғана емес, сонымен қатар жаңару, үміт және үйлесімділік кезеңі. Осы...
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ға келіп кетті
Ағымдағы жылдың 11 ақпанында «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-да Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы А.Қ. Кенжебаеваның төрағалығымен кәсіпорынның 2024 жылғы өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары туралы тыңдау өтті. Бас директор Т.Т. Мусабаев өткізілген іс-шаралардың нәтижелері, кәсіпорынның жабдықталуы, еңбек ресурстарының мәселелері жөнінде айтты. Кеңес қорытындысы бойынша ағымдағы мәселелер мен міндеттер талқыланды.
«Мемқалақұрылыскадастры» РМК бас кеңсесінде өңірлік филиалдармен кеңес өтті
«Мемқалақұрылыскадастры» РМК бас директоры Т.Т. Мусабаев 2024 жылғы 27 желтоқсанда кәсіпорынның өңірлік филиалдарының директорларымен кеңес өткізді. Кеңесте өткен жылдың қорытындылары талқыланып, қала құрылысы кадастры жүйесі арқылы қызмет көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру мәселелері, өңірлік филиалдардың мәселелері қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелер мен өңірлік филиалдарға міндеттер қойылды.