Ағымдағы жылдың 12 қазанында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қ.Ж. Қажкенов «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның 9 айдағы қызметі және ағымдағы жылдың соңына дейінгі міндеттері туралы тыңдау өткізді. Тыңдау қорытындысы бойынша Кәсіпорын жүргізіп жатқан жұмыстар мақұлданды, сондай-ақ қызметтің бизнес-процестерін және қала қрылысы кадастры жүйесін дамытуға қатысты тапсырмалар берілді.