Өңірлік кеңестерді жүргізу шеңберінде 2024 жылғы 3 мамырда Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің, ТМРА өңірлік департаменттерінің, табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдерінің қатысуымен МҚҚК жүйесін деректермен толтыру мәселелері жөнінде кезекті топтық кеңес өткізілді. Қала құрылысы кадастры жүйесінде кезекші топографиялық жоспарлар мен инженерлік желілер деректерін өзектендіру мәселелері мен...