«Мемқалақұрылыскадастры» РМК бас директоры Т.Т. Мусабаев 2024 жылғы 27 желтоқсанда кәсіпорынның өңірлік филиалдарының директорларымен кеңес өткізді. Кеңесте өткен жылдың қорытындылары талқыланып, қала құрылысы кадастры жүйесі арқылы қызмет көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру мәселелері, өңірлік филиалдардың мәселелері қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелер мен өңірлік филиалдарға міндеттер қойылды.
«Мемқалақұрылыскадастры» РМК Бас директоры Т.Т. Мусабаев кәсіпкерлерді қорғау мәселесі бойынша іс-шараға қатысты
2024 жылғы 20 желтоқсанда «Мемқалақұрылыскадастры» РМК Бас директоры Т.Т. Мусабаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп ұйымдастырған кәсіпкерлерді қорғау мәселесі бойынша іс-шараға қатысты. Іс-шараның негізгі тақырыбы - Цифрлық трансформация арқылы бизнесті қорғау. Аталған іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтардың, IT-компаниялардың өкілдері қатысты. Т.Т. Мусабаев бизнес қоғамдастыққа инфрақұрылымның, бас...
Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай геопорталы Demo Day барысында көрсетілді
Ағымдағы жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Demo Day барысында Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері (МҚҚК ААЖ) көрсетілді. МҚҚК ААЖ инженерлік инфрақұрылымның, жергілікті атқарушы органдардың қала құрылысы жобаларының (бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының) цифрлық деректерін қамтиды және қала құрылысы жүйесінің өзекті деректері мен...
«Мемқалақұрылыс кадастры» РМК қызметкерлері GIS Day Kazakhstan 2024 халықаралық конференциясына қатысты
Ағымдағы жылғы 20-21 қараша аралығында Алматы қаласында Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде GIS Day Kazakhstan 2024 халықаралық конференциясы өтті. «Мемқалақұрылыскадастры» РМК бас директоры Т.Т. Мусабаев және «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-нің Процестерді автоматтандыру бөлімінің басшысы А.Е. Оспанов баяндама жасап, мемлекеттік қала құрылысы кадастрында қолданылатын ГАЖ-технологиялар және құрылыстағы бизнес-процестерді автоматтандыру туралы...
«Мемқалақұрылыскадастры» РМК қызметі туралы тыңдау өткізілді
Ағымдағы жылдың 12 қазанында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қ.Ж. Қажкенов «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның 9 айдағы қызметі және ағымдағы жылдың соңына дейінгі міндеттері туралы тыңдау өткізді. Тыңдау қорытындысы бойынша Кәсіпорын жүргізіп жатқан жұмыстар мақұлданды, сондай-ақ қызметтің бизнес-процестерін және қала қрылысы кадастры жүйесін дамытуға қатысты тапсырмалар берілді.