2018 жылдан бастап Павлодар қаласының ауданы 12,1 мың га құрылыс салынған аумағында инфрақұрылым объектілерін түгендеу жүргізілуде. Бүгінгі күні 8,4 мың га алаңда жерасты және жерүсті коммуникациялары түгенделіп, қала құрылысы кадастрының қорына енгізілді. 2022 жылы қаланың солтүстік-батыс және оңтүстік бөлігіндегі ауданы 1,1 мың га инфрақұрылымдық объектілерге түгендеу жүргізіледі.
Инженерлік инфрақұрылымды толыққанды цифрландыру жүргізілуде
Инженерлік инфрақұрылымды толыққанды цифрландыру жүргізілуде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әкімдіктермен бірлесіп өңірлердің инженерлік инфрақұрылымы туралы деректерді цифрландыру және толтыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл іс-шара «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылуда. Атап айтқанда, 2024 жылға дейін еліміздегі ірі елдімекендердің инженерлік инфрақұрылымын толыққанды цифрландыру...