Өңірлердегі инфрақұрылымдық объектілерді цифрландыру: Қарағанды қаласы

Ағымдағы жылы Қарағанды қаласының құрылыс салынған аумағында қаланың оңтүстік-шығыс, Күнгей, Михайловка және орталық бөлігі аудандарында алаңы 1,8 мың га жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жүргізілуде. Барлығы 2021 жылдан бастап 5,5 мың га алаңда Сұрыптау, Узенка, Үлкен Михайловка, Пришахтинск, Майқұдық аудандарының инфрақұрылымдық объектілері цифрландырылды және қала құрылысы кадастры базасына енгізілді.

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен құттықтайды!

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен құттықтайды! Биыл мемлекеттік рәміздерге 30 жыл толғалы отыр. Мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Ту, Әнұранды - Тәуелсіздігіміздің басты құндылығының көрінісі, бейбітшілік пен татулықтың, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі ретінде қастерлейміз. Осы мерекелік күні бақыт, бейбітшілік пен жақсылық тілей отырып, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы туы көкте...

Қалаларды кешенді салудың жаңа стандарттары әзірленді – ҚР ИИДМ

ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті халықтың өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қалаларды кешенді салудың жаңа стандарттарын әзірледі.  Аталған шара қолайлы әрі жайлы қалалық ортаны қалыптастыру мен құрылыс салу барысында жаңа тәсілдерді дамыту, қала құрылысы регламенттерін сақтау, сондай-ақ әлеуметтік, экологиялық және инфрақұрылымдық проблемаларды болдырмау мақсатында туындап...