Ағымдағы жылдың 11 ақпанында «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-да Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы
А.Қ. Кенжебаеваның төрағалығымен кәсіпорынның 2024 жылғы өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары туралы тыңдау өтті.
Бас директор Т.Т. Мусабаев өткізілген іс-шаралардың нәтижелері, кәсіпорынның жабдықталуы, еңбек ресурстарының мәселелері жөнінде айтты.
Кеңес қорытындысы бойынша ағымдағы мәселелер мен міндеттер талқыланды.

