«Мемқалақұрылыскадастры» РМК базасында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Б.М. Жүнісбеков табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (МҚҚК ААЖ) астананың инженерлік желілерінің бос қуаттары мен техникалық сипаттамалары бойынша деректермен толтыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Кеңеске Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің, Астана қаласы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының, «Астана бас жоспары ҒЗЖИ» ЖШС, сондай – ақ «Астана Су Арнасы» МКК, «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Астана АЭК» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ коммуналдық ұйымдарының және т.б. өкілдері қатысты.
Қала құрылысы кадастры жүйесіне желілер бойынша деректерді енгізу, МҚҚК ААЖ жүйесінде атқарушылық түсірілімдер мен берілген техникалық шарттардың нәтижелері бойынша деректерді өзектендіру, техникалық шарттарды беруді автоматтандыру тетігін пысықтау талқыланды.
«Мемқалақұрылыскадастры» РМК мамандары МҚҚК ААЖ жүйесінде техникалық шарттарды берудің бизнес-процесін көрсетті.
Кеңес қорытындысы бойынша Б. Жүнісбеков қаралған мәселелерді одан әрі бірлесіп пысықтау жөнінде хаттамалық тапсырмалар берді.