Бүгін Үкімет отырысында еліміздегі тұрғын үй саясатын өзгерту жөніндегі жоспарлар туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады.
2021 жылы елімізде жалпы алғанда 17 млн. шаршы метр немесе 163 мың баспана салу және кезекте тұрған 31,3 мың адамды мемлекеттік қолдаумен қамту көзделіп отыр.
Министрдің айтуынша, 22,5 мың әлеуметтік тұрғын үй (1,3 млн. шаршы метр) салу және сатып алу, кезекте тұрғандарға 8,8 мың жеңілдікті қарыз беру жоспарлануда.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйдің кезектілігі мен қолжетімділігін арттыру мәселесін шешу үшін жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарды бере отырып, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ негізінде толыққанды даму және қолдау институты – «Отбасы банк» АҚ құруды тапсырды.
«Отбасы банк» базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық құрылып, баспанаға мұқтаждарды есепке алу, кезекке қою, сондай-ақ тұрғын үйдің қолжетімділік сатысына сәйкес баспананы бөлу сияқты міндеттермен айналысады.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорымен интеграцияланады. Дерекқорға қайта енгізуге жол берілмейді. Азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады.
Жалдау ақысын субсидиялау тетігін іске асыру үшін «Отбасы банк» өкілеттіктерін күшейту ұсынылады.
Сонымен қатар, 2021 жылғы 26 қаңтарда ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы тұрғын үй саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
ҚР ИИДМ тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша қосымша шараларды ұсынады:
– жалдамалы тұрғын үй пулдарын қалыптастыру және жылжымайтын мүліктің жеке әлеуметтік қорларын құруды ынталандыру;
– нарықтық қорландыруды (халықтың депозиттері, зейнетақы жинақтары) тарту және қарыз бойынша шығыстарды субсидиялау;
– жеке құрылыс салушыларды жобалық қаржыландыру тетігін енгізу;
– үлестік құрылыс бойынша құрылыс компанияларының рейтингін енгізу;
– жосықсыз құрылыс салушылардың жауапкершілігін күшейту.
Тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдерін іске асыру мақсатында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.
Тиісті заң жобасы әзірленіп, сараптамаға (ғылыми-құқықтық, экономикалық және т.б.) жіберілді. Барлық келісу рәсімдерінен кейін заң жобасы биыл сәуір айында белгіленген тәртіппен ҚР Үкіметіне енгізіледі.
Болжамды әсері
Көрсетілген шаралар қабылданған жағдайда тұрғын үй құрылысына қосымша 300 млрд. теңге инвестиция салынады. Тиісінше ол:
– 55 мың жұмыс орнын құруға;
– 40 млрд. теңге салық түсіруге;
– 530 млрд. теңгеге тауарлар өндіру, жұмыстар мен қызметтер бойынша сабақтас салаларды іске қосуға мүмкіндік береді.
Еліміздің барлық өңірлерінде қосымша 1,7 млн. шаршы метр тұрғын үй немесе 28 мың баспана салынады.
Анықтама үшін:
2020 жылы Қазақстанда 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынды (2019 жылен салыстырғанда +116,8%), 140 мыңнан астам тұрғын үй (пәтерлер және жеке үйлер) пайдалануға берілді.
38,4 мың отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілді: 28 мың отбасы оны әлеуметтік тұрғын үй, 10,4 мың отбасы «2-10-20», «5-10-20» және «5-20-25» бағдарламалары бойынша жеңілдікті қарыз түрінде алды.
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар өткен жылмен салыстырғанда 33,6% өсіп, 2 трлн теңгені құрады.
Мемлекеттік қаражаттың 1 теңгесіне 5 теңге жеке инвестиция тартылды.
Дереккөз: ҚР ИИДМ сайты