Құрылыс саласын цифрландыру және мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесін толтыру жөніндегі Үкімет тапсырмасын іске асыру шеңберінде 2025 жылғы 30 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы В.Г.Лукиннің төрағалығымен ҚТҮКШІК, «Мемқалақұрылысқадастры» РМК, облыстық және аудандық сәулет органдары, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.
Кеңесте мемлекеттік қызметтерді толық цифрлық форматқа көшіруге әсер ететін қала құрылысы жобаларын пысықтау және цифрлау қажеттілігі талқыланды.
Сонымен қатар, құрылыс жобаларын әзірлеу және объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде заңнаманың сақталуы мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша сәулет бөлімдері мен «Мемқалақұрылысқадастры» РМК филиалы арасындағы өзара іс-қимыл және бірлескен іс-шаралар туралы шешімдер қабылданды.