«Мемқалақұрылыскадастры» РМК 10 жылдық мерейтойын атап өтті

Ағымдағы жылы «Мемқалақұрылыскадастры» РМК өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтуде. 2014 жылғы 30 маусымда құрылған «Мемқалақұрылыскадастры» РМК мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау мен кадастрды дамыту қызметін жүзеге асыра отырып, құрылыс саласында өз орнын алды.

Салтанатты мерейтойлық іс-шараға шақырылған қонақтар – кәсіпорынның еңбек ардагерлері қатысты.

Кәсіпорын ұжымын Бас директор, академик Т.Т. Мусабаев, шақырылған қонақ профессор А. Ш. Чиканаев және еңбек ардагерлері құттықтады.

Кәсіпорынның қала құрылысы қызметінің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін еңбек ардагерлеріне, кәсіпорын қызметкерлеріне мерейтойлық төсбелгілер, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған