ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 4 жыл ішінде қанша адам баспанаға ие болғанын хабарлады.
470 мың қазақстандық отбасы баспана жағдайын жақсартты. Осы уақыт ішінде (2017 жылдан 2020 жылға дейін) 52,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде мұқтаж азаматтар үшін 80 мың әлеуметтік пәтер салынды. Сонымен қатар, үй сатып алуға 26,3 мың жеңілдікті қарыз берілді. «7-20-25» және «Баспана хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша қазақстандықтар алған ипотекалық қарыздардың жалпы сомасы 1 трлн теңгені құрады.
«Нұрлы жер» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобалары бойынша 4 жылда 36,3 мың, құрылыс индустриясында 26 мың жұмыс орны ашылды.
Мемлекеттік қаражаттың 1 теңгесіне 5 теңге жеке инвестиция тартылды.
Құрылыс саласына барлығы 641 мың жұмысшы мен маман тартылған. Құрылыстағы еңбек өнімділігі биылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындысында өткен жылмен салыстырғанда 12,2% өсті.
Дереккөз: ҚР ИИДМ сайты