«Мемқалақұрылыскадастры» РМК өңірлік филиалдары заңды және жеке тұлғаларға келесі кадастрлық қызметтерді ұсынады:
құрылыс салынған аумақтағы инженерлік коммуникацияларды түгендеу;
аумақтың кадастрлық жоспарын дайындау;
мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан мәліметтер беру;
мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (МҚК ААЖ) базасына мәліметтер енгізу.
Филиалдық желіні дамыту өңірлерде халыққа және бизнеске қызметтер көрсету үшін қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесін (МҚК ААЖ) инфрақұрылымдық деректермен жедел толтыру және өзектендіру мүмкіндігін кеңейтеді.