27 маусым күні «Мемқалақұрылыскадастры» РМК «Қазақстанның аумақтық дамуы» атты ғылыми-практикалық семинар өткізді.
М.В. Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеу қаласы, Ресей) география факультетінің оқытушылары мен студенттері жазғы студенттік практика шеңберінде аумақтық жоспарлаудың қазақстандық тәжірибесімен танысты.
«Мемқалақұрылыскадастры» РМК қызметкерлері Қазақстанның аумақтық жоспарлау жұмыстарының циклін әзірлеу және қала құрылысы стратегиясын қалыптастыру тәжірибелерімен бөлісті: «Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың 2030 жылға дейінгі бас схемасы», «Қазақстан-2050» стратегиясын ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын түзету (өзектендіру)», «Алматы, Шымкент және Ақтөбе агломерацияларын 2030 жылға дейінгі аумақтық дамытудың өңіраралық схемалары».
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан астанасын көшірудің орта мерзімді және ұзақ мерзімді салдарларын, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының қалалық дамуын талқылады.