«Мемқалақұрылыскадастры» РМК бас директоры Т.Т. Мусабаев 2024 жылғы 27 желтоқсанда кәсіпорынның өңірлік филиалдарының директорларымен кеңес өткізді.
Кеңесте өткен жылдың қорытындылары талқыланып, қала құрылысы кадастры жүйесі арқылы қызмет көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру мәселелері, өңірлік филиалдардың мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелер мен өңірлік филиалдарға міндеттер қойылды.