«Мемқалақұрылыскадастры» РМК Бас директоры Т.Т. Мусабаев BI Constructing & Engineering өкілдерімен кездесті

Ағымдағы жылғы 18 қыркүйекте «Мемқалақұрылыскадастры» РМК кеңсесінде BI Constructing & Engineering компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – байланыс орнату және ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау.
Кәсіпорын сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру, эскиздік жобаларды келісу және техникалық шарттар беруді автоматтандыру бөлігінде қала құрылысы кадастры геопорталының мүмкіндіктерін көрсетті.
BI Constructing & Engineering өкілдері ЖАО және ТМС қызметтерін көрсету процестерін автоматтандыруда жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң және жоғары баға берді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар туындайтын мәселелер мен міндеттердің оңтайлы шешімдерін бірлесіп талқылау мен іздеудің маңыздылығын атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған