Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай геопорталы Demo Day барысында көрсетілді

Ағымдағы жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Demo Day барысында Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері (МҚҚК ААЖ)  көрсетілді.

МҚҚК ААЖ инженерлік инфрақұрылымның, жергілікті атқарушы органдардың қала құрылысы жобаларының (бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының) цифрлық деректерін қамтиды және қала құрылысы жүйесінің өзекті деректері мен автоматтандырылған функционалдары негізінде аумақты жоспарлау және құрылысын салу процестерінің ашықтығын қамтамасыз етеді.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған