2024 жылғы 20 желтоқсанда «Мемқалақұрылыскадастры» РМК Бас директоры Т.Т. Мусабаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп ұйымдастырған кәсіпкерлерді қорғау мәселесі бойынша іс-шараға қатысты.
Іс-шараның негізгі тақырыбы – Цифрлық трансформация арқылы бизнесті қорғау. Аталған іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтардың, IT-компаниялардың өкілдері қатысты.
Т.Т. Мусабаев бизнес қоғамдастыққа инфрақұрылымның, бас жоспарлардың және ЕТЖЖ өзектендіріліп отырылатын цифрлық деректері қолжетімді болатын мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесі туралы баяндап берді.
Іс-шара бизнесті қорғау, цифрлық трансформация арқылы мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәселелерді талқылауға ықпал етті.