Түгендеу жұмыстарының жүзеге асырылуына қарай МҚК ААЖ жүйесі инженерлік желілер мен объектілердің цифрлық деректерімен толықтырылып отырады.
Бүгінгі күні қала құрылысы кадастры базасында цифрлық инфрақұрылымдық деректердің (аудан орталығы деңгейіне дейін) 64,7% (333 мың га) бар. Әкімдіктер ұсынған 852 қала құрылысы жобалары (191 БЖ және 661 ЕТЖЖ) бірыңғай цифрлық форматқа және құрылымға келтірілді.
Деректерді үздіксіз өзектендіруді қамтамасыз ету, кадастрлық қызметтерді автоматтандыру үшін бірыңғай инфрақұрылымдық деректер геопорталы (МҚК БИДГ) – қала құрылысы кадастры жүйесінің ашық контуры іске қосылды. Бүгінгі күні геопорталға әкімдіктер мен табиғи монополиялар субъектілерінің 2 000-нан астам қызметкері қол жеткізе алады.