2022 жылғы 15-17 маусымда Алматы қаласында Ресейдің Құрылыс министрлігі ОҒЗЖИ және SATBAYEV UNIVERSITY ұйымдастырған «Ірі қалалар қауіпсіздігі мен құрылысының өзекті мәселелері» атты Еуразиялық инновациялық форум өттіп жатыр.
Форумның миссиясы – халықтың тыныс-тіршілігінің қолайлы және қауіпсіз ортасын қалыптастыру үшін ірі қалалардың құрылысын жетілдіру мәселелерін талқылау болып табылады.
Форумның бірінші күніне «Мемқалақұрылыскадастры» РМК Бас директоры Тұрлыбек Мусабаев, «Мемсараптама» РМК Әдіснама секторының басшысы Тәңірберген Дәркенбаев, Қазақстан мен Ресейдің жетекші сәулетшілері, қала салушылары және аумақтық жоспарлау жөніндегі сарапшылары қатысты.
«Мемқалақұрылыскадастры» РМК бас директоры Т.Т. Мусабаев қала құрылысы міндеттерін бірлесіп шешу тетігі ретінде шекара маңындағы аумақтарды өңірлік дамытудың мемлекетаралық схемаларын әзірлеу туралы ұсыныс жасады, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және жүргізу ерекшеліктерімен таныстырды.
Форум шеңберінде Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Армениядағы объектілер құрылысын жобалау, нормалау және сараптау, қала құрылысы мен сәулет үрдістері туралы шеберлік сыныптары, секциялар мен дөңгелек үстелдер отырыстары жоспарланып отыр.