«Мемқалақұрылыскадастры» РМК 27 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің жыл сайынғы Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Жәрмеңкенің мақсаты – ЕҰУ түлектеріне жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, жұмыс берушілерді кадрларды даярлау ерекшеліктерімен таныстыру.
Студенттерге кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттық буклеттер және бос жұмыс орындары туралы мәліметтер ұсынылды.