«Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау алаңында Бейбіт Атамқұлов онлайн режимде Алматы және Түркістан облыстары тұрғындарының өтініштері мен сұрақтарына жауап берді.
Кездесуде құрылыс, тарнспорт тасымалдары, Келес ауданындағы су, газ, Састөбе ауылының тұрғындарын жер учаскелерімен қамтамасыз ету және «САС-төбе» цемент зауытының қызметі мәселелері қозғалды.
ИИДМ басшысы келіп түскен өтініштерді шешу үшін Министрліктің тиісті комитеттерінің басшыларына тапсырмалар берді және бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайтынына сендірді. Қалған мәселелер тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады және олардың орындалу барысы министрдің жеке бақылауында болады.
Айта кетейік, Үкімет мүшелерінің «Nur Otan» партиясында қоғамдық қабылдауды ұйымдастыруы азаматтардың мәселелерін оңтайлы шешудің тиімді құралы болып табылады. Бұл шара Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының міндеттеріне сәйкес келеді.
Дереккөз: ҚР ИИДМ сайты