2020 жылдан бастап Қазақстан құрылыс саласының жаңа нормативтік техникалық базасына көшті, онда ғимараттар мен құрылыстарды жобалау кезінде (күш түсетін және қоршау конструкциялары бөлігінде) Еурокодтарға ұқсас Ережелер жинағы (ҚР ЕЖ ЕN) қолданылады.
Еурокодтарды нақты жобалау тәжірибесіне енгізген сәттен бастап Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының (ҚазҚСҒЗИ) мамандары өздігінен, сондай-ақ отандық құрылыс нарығының кейбір компанияларымен бірлесіп, Еурокодтардың ережелеріне (ҚР ЕЖ EN және оларды дамытуға қабылданған нормативтік-техникалық құралдар) сәйкес темірбетон ғимараттарды жобалау нәтижелерін бұрын қолданыста болған нормативтік құжаттарға (ҚР ҚНжЕ) сәйкес ұқсас ғимараттарды жобалау нәтижелерімен салыстыруға арналған бірқатар зерттеулерді орындады.
Алынған нәтижелер сейсмикалық аймақтардағы құрылысқа арналған ғимараттарды жобалау кезінде Еурокодтарды (ҚР ЕЖ EN және НТҚ) қолдану құрылыс материалдарының (арматуралық болат пен бетон) үнемделуін қамтамасыз ететінін және жобаланатын объектінің жалпы құнына оң әсер ететінін көрсетеді.
Қалыпты жағдайда салынатын ғимараттарды жобалау кезінде Еурокодтарды (ҚР ЕЖ EN және НТҚ) қолдану нәтижелері қазіргі уақытта жинақталып, талдануда.
Дереккөз: ҚР ИИДМ сайты