Қазақстанның 15 өңірінде құрылыс саласында оң серпін бар

Көшбасшы өңірлер – Маңғыстау (118,5%), Ақмола (110,8%), Жамбыл (110,2%), Атырау (107,6%), Шығыс Қазақстан (107,5%), Алматы (107,3%) облыстары мен Алматы (120%), Шымкент (109,6%) қалалары.

Көш соңында – Қызылорда (95,9%) және Қарағанды (89,8%) облыстары. Биылғы

11 айдың қорытындысында құрылыс жұмыстары 4,6 трлн теңгеге орындалды. Бұл 2020 жылдың деңгейінен 6,2% жоғары.

Өткен жылдың қорытындысында елдің ЖІӨ-дегі құрылыс саласының үлесі 6,1% (2021 жылдың қорытындысы бойынша болжамды көрсеткіш – 6,25%) құрады.

Бүгінде құрылыс саласы – үлкен әлеуметтік маңызы бар елдің экономикалық өсуінің локомотиві.

Құрылыс саласында 46 476 кәсіпорын жұмыс істейді (оның ішінде 2 420 кәсіпорын құрылыс материалдарын өндіреді). 641 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Дереккөз: ҚР ИИДМ сайты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған