Бұл бағытта қабылданып жатқан шаралар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында іске асырылуда.
2020 жылы өңірлерде 113 млрд. теңгеге 300-ден астам жоба (қалаларда 49,3 млрд. теңгеге 70 жоба; ауылдарда 63,7 млрд. теңгеге 234 жоба) іске асырылды.
Бұл қала халқының 97,5% (10,7 млн.адам) және ауыл халқының 90,1% (7,0 млн. адам) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
4500 шақырым су құбыры және кәріз желілері салынды және қайта жаңартылды.
2021 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бойынша 125 млрд. теңгеге 319 жоба іске асырылуда.
Нәтижесінде қала халқының 98% және ауыл халқының 91,8% сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етіледі.\
Дереккөз: ҚР ИИДМ сайты