Ағымдағы жылғы 20-21 қараша аралығында Алматы қаласында Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде GIS Day Kazakhstan 2024 халықаралық конференциясы өтті.
«Мемқалақұрылыскадастры» РМК бас директоры Т.Т. Мусабаев және «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-нің Процестерді автоматтандыру бөлімінің басшысы А.Е. Оспанов баяндама жасап, мемлекеттік қала құрылысы кадастрында қолданылатын ГАЖ-технологиялар және құрылыстағы бизнес-процестерді автоматтандыру туралы сөз етті. Сондай-ақ, спикерлер Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне «Мемқалақұрылыскадастры» РМК бастамасымен енгізілген «6B07314 – Қала құрылысын жоспарлау және кадастр (инновациялық)» деген сұранысы бар жаңа мамандықты университетте ашу қажеттігі туралы айтып берді. Университет басшылығымен тиісті келісімге қол жеткізілді.
Конференция жетекші сарапшылардың, жаңашылдардың, жас мамандардың және ГАЖ саласында шешім қабылдайтын мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің алаңына айналды.