AstanaBuild Қазақстандық халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

2024 жылғы 29-31 мамырда Беларусь, Германия, Қазақстан, Канада, Өзбекстан, Украина, Қытай, Ресей және Үндістанның халықаралық және отандық компаниялары өкілдерінің қатысуымен құрылыс, дизайн және интерьер саласындағы озық технологияларды, материалдарды көрсете отырып, AstanaBuild Қазақстандық халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі өтті.

Көрме аясында жаңа технологияларды қолдану мен процестерді автоматтандырудың өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Спикерлер өз сөздерінде BIM технологиясын қолдана отырып, жобаларды автоматтандырылған тексерудің перспективаларымен және ҚОАМТ (құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясы) қолданудың практикалық тәжірибесімен бөлісті.

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның Процестерді автоматтандыру бөлімінің басшысы Алпамыс Оспанов қала құрылысы жобалары мен құрылыс объектілерінің өмірлік циклін мониторингілеу құралы ретінде қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін таныстырды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Қазақстанда ҚОАМТ дамыту және нақты ұсыныстар әзірлеу мәселелері бойынша тақырыптық дөңгелек үстелдер өткізу қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған